Биыл 450-ден астам су саласының маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді

21 Ақпан 2024, 09:32
266
Бөлісу:
Биыл 450-ден астам су саласының маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді

2024 жылы су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда министрлік су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар, Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды.

Кеңестің ережелері және кәсіптік стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді, оның негізінде су саласының мамандарын даярлау жөніндегі білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

Өңірлердегі студенттер су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-лармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы жылдан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті. Мұндай іс-шаралар су саласындағы мамандықтардың беделін арттырып, студенттерді магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға, ал саладағы мамандарды біліктілігін арттыруға, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша да білімін шыңдауға ынталандыруы тиіс, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы