Биыл 4 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

29 Желтоқсан 2021, 12:51
1081
Бөлісу:
Биыл 4 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты.

Әділет министрлігінің барлық 47 мемлекеттік қызметі жүз пайыз электронды форматқа ауыстырылды. Жыл басынан бастап төрт миллионнан астам  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халыққа смартфон арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі берілді.Бұдан бұрын «eGov mobile» қосымшасында барлығы он алты қызмет қол жетімді болған, - деді Бекетаев.

Министр атағандай, қосымша 15 қызмет іске қосылды.

Бүгінгі күні смартфонмен 31 қызметке қол жеткізуге болады.Blockchain технологиясын қолдана отырып «Цифрлық  ипотека» пилоты басталды.Бұдан былай азаматтар құрылыс салушының сайтында өзі қызығушылық танытқан пәтерді таңдап, ипотекалық несие рәсімдей алады.  Жылжымайтын мүлікті сатып алу және кепілге қою келісімшарты электронды түрде үш күн ішінде рәсімделеді, бұрын бір айға жуық уақыт алатын еді, - деді министр.

Ол атағандай, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімі үш күннен бір күнге дейін, шұғыл тіркеу бір күннен екі сағатқа дейін қысқартылды.

Мәміле жасағаннан кейін меншік иесінің жеке кабинетіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама келіп түседі. Сонымен қатар азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, «Egov» порталы арқылы жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт алу мүмкіндігі берілді. Азаматтық хал актілері жазбаларының электрондық мұрағатының аясында эксаумақтық қағидаты енгізілді. Бұдан былай азаматтар құжаттарын кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе АХАЖ бөлімі арқылы рәсімдей алады, - деді ол.

Бекетаев айтқандай, құжаттарды алу мерзімі отыз күннен үш күнге дейін қысқартылды.

Мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру азаматтардың уақыттарын үнемдеп,  қаржылық шағыстарын азайтты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы