Биыл 30-дан астам шекара бекетіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов мәлімдеді.
Кейбір өткізу бекеттерінде екі жолақ бар: Қазақстанға және Қазақстаннан өтетін бағыттар. Біздің бағыттан 5 жолақ болуы тиіс. Қазіргі уақытта өткізу бекеттерін қайта құрылымдау жүргізіліп жатыр. Сыртқы шекарада қайта құрылымдау Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне тиесілі. Олар осы өткізу бекеттеріне үшін, ал біз ішкі бекеттерге жауаптымыз, - деп атап өтті Шекара қызметінің директоры Сенаттың кулуарында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Айтуынша, биыл 30-дан астам өткізу бекеттерінде қайта жаңғырту жұмысы қолға алынды.
2023 жылы жоспар бойынша 33 өткізу бекеті қайта құрылымдау жұмыстарынан өткізіледі. Сондай-ақ ИИДМ өткізетін ЖСҚ бойынша жұмыстар жоспарда бар. Келесі жылға дейін толыққанды жұмыс жүргізіледі деп отыр. Ол 2030 жылға дейін жалғасады, өйткені өткізу бекеттерінің саны көп, - деп нақтылады Ерлан Алдажұманов.