Биыл 27 млрд доллардың тауары экспортталған

11 Тамыз 2021, 09:29
4440
Бөлісу:
Биыл 27 млрд доллардың тауары экспортталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Биылғы қаңтар-маусымда сыртқы сауда айналымы 45,3 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 27 млрд долларды құрады. Өңделген тауарларды экспорты 25 пайызға өсіп, 8,7 млрд долларды құрады. Тауарлар импорты 18,3 млрд долларды құрады. Жалпы сауда балансы 8,7 млрд долларды құрап, оң деңгейде сақталды, - деді ол.

Министр өңдеу өнеркәсібі саласында да тұрақты өсім сақталып отырғанын айтты.

Өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті. 14 өңір оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Алматы, Алматы облысы мен Қостанай облысында байқалды. Биылғы 7 айда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 11,1 пайызға өсіп, құрылыс секторы жоғары қарқын көрсетіп отыр, - деді Ерғалиев.

Министр атағандай, тұрғын үйді прайдалануға беру бойынша да оң қарқын байқалып отыр.

Биылғы қаңтар-шілдеде 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Барлық өңірлер оң өсім көрсетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы