Биыл 23 педофил бостандыққа шығады

25 Сәуір 2021, 19:48
1745
Бөлісу:
Биыл 23 педофил бостандыққа шығады

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстанда осы жылдың соңына дейін 23 педофил бостандыққа шығады. 

Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Қазір еліміз бойынша балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен 1800 адам жазаларын өтеп жатыр.

Негізінен бостандыққа шыққан 10 педофилдің 9-ы бұрынғы қылмыстарын қайта жасайды. Сондықтан да өз балалары үшін алаңдаушылық білдірген ата-аналар арнайы байланыс орталығына хабарласады.

Бас прокуратураның сайтында 14 жасқа дейінгі балаларға қарсы қылмыс жасаған адамдардың суреті мен олардың мекенжайлары көрсетілген карта орналастырылған.

Олар үшін жаза шартты түрде сотталу, мәжбүрлі кострациядан бастап, 20 жылға бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылады. Мәселен, Бас прокуратураның сайтында көрсетілгендей, Өскемен қаласының тұрғыны Павел Аршинец 18 жасында бір жылға ғана шартты түрде сотталса, ал Есік ауылының тұрғыны Жасұлан Урдабаев зорлау және кісі өлтіру қылмысы үшін 21 жылға сотталған.

Педофилдер бостандыққа шыққаннан кейін мінез-құлқына байланысты алты айдан үш жылға дейін полицияның қарауында болады. Осыдан кейін, заңға сәйкес мәліметтер алынып тасталады. Бірақ психиатрлардың айтуынша, педофилия емделмейді.

Неврологтардың зерттеуі бойынша шығарылғандардың көпшілігі әлі күнге дейін қоғам үшін өте қауіпті деген қорытынды жасауға болады. 90% адам емделмейді. Жалғыз қорғаныс - балаға құрбан болудан қалай сақтануға болатынын үйрету керек. Балаға бейтаныс адаммен сөйлеспеуді, қол тигізсе, айқалап көмекке шақыруды үйрету керек, - дейді психолог Виктория Аншакова.

Өзгелердің жаңалығы