Биыл 2010 жылдан бері салынып жатқан Есқұлы су құбыры іске қосылады

4 Мамыр 2022, 11:33
1722
Бөлісу:
Биыл 2010 жылдан бері салынып жатқан Есқұлы су құбыры іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәлімдеді. 

Биыл 2010 жылы басталған Есқұла су құбырын пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар Алматы, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 18 объектіні іске асыруға 6,1 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Аяқталу мерзімі: 2023-2024 жылдарға жоспарлануда. Нәтижесінде жалпы саны 458 мың адамды құрайтын 158 ауылдық елдімекенде сумен жабдықтау жақсартылады, - деді министр. 

Сонымен ведомство басшысы ұлттық жоба аясында 9 топтық су құбыры қайта жаңартылады деп отыр. 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалпы құны 33 млрд теңге болатын 
9 топтық су құбырларын салу қайта жаңарту жоспарлануда. Жалпы 2025 жылға қарай шамамен 1,2 мың километр топтық су құбырларын салып, 22,3 мың адам саны бар 41 ауылдық елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі және 33,0 мың адам саны бар 52 ауылдық елді мекен сумен жабдықтау жақсартылады, - деді Серікқали Брекешев.

Өзгелердің жаңалығы