Биыл 182 мың көшет отырғызылады – ШҚО

4 Мамыр 2023, 00:41
937
Бөлісу:
Биыл 182 мың көшет отырғызылады – ШҚО
Фото: ortalyq.kz

Еліміздің шығысында «облыс елді мекендерін көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына» сәйкес өңірде 476,5 мың ағаш отырғызу жоспарланған. 

Бұл туралы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілі айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен екі жылда өңірде 277 мың ағаш отырғызылды. Өскеменде 26 мың тал егілді. Бұл жұмыс биыл да атқарылады. 2023 жылы облыс орманы 182 мың түп ағашпен толығады. Өскеменге 15 мың көшет отырғызамыз, – деді басқарма басшысының орынбасары Еламан Мұхтарханов.

Өзгелердің жаңалығы