Биыл 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

11 Қазан 2022, 10:58
1071
Бөлісу:
Биыл 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл қаңтар-қырқүйекте 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 0,9 %-ға артық. Оң өсу 15 өңір бойынша тіркелді. Ең жоғарғы көрсеткіштер Түркістан, Жетісу, Алматы облыстарында және Шымкент қаласында байқалып отыр. Көрсеткіштің төмендеуі Ұлытау, Маңғыстау, Абай, Атырау облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында орын алды, - деп атап өтті ведомство  басшысы. 

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 6,9%-ға артқан. 

Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Қостанай, Ақмола, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары көрсетті. 7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіштер бойынша оң өсім 6 өңірде – Ақмола, Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалуда. 6 көрсеткіш бойынша өсім 8 өңірде байқалуда. Бұл Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана қаласы, - деді Әлібек Қуантыров. 

Өзгелердің жаңалығы