Биыл 100 мыңнан астам тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы дерек келіп түсті - ІІМ

18 Қазан 2022, 10:25
1235
Бөлісу:
Биыл 100 мыңнан астам  тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы дерек келіп түсті - ІІМ

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгінгі таңда тұрмыстық зорлық-зомбылық – өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, отбасы тыныштығы – ол қоғамның тұрақтылығы. Сондықтан бұл мәселені Мемлекет басшысы ерекше назарына алып, бірқатар тапсырма берген болатын. Атап айтқанда: әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларға қарсы ауыр қылмыстар үшін жаза қатаңдады. Полицияның осы мәселемен айналысатын бөлімшелері нығайтылды. Жәбірленушімен жұмыс тәсілдері қайта қаралды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұл мәселеге қоғамның көзқарасы өзгерген.

Зорлық-зомбылық құрбандары мұндай фактілер туралы белсенді хабарлай бастады. Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам сигнал келіп түсті. Олардың көпшілігі Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орын алған. Бірақ олардың 60% бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені полиция оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы