Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биткоиннің бағасы ең рекордтық деңгейге өсіп, өткен тәулікте 1,8 мың долларға жетті.
TradingView.com мәліметі бойынша, қазір биткоиннің құны 24,6 мың доллардан асады. Бұл туралы РБК хабарлады.
Бір күн ішінде бірінші криптовалюта 8 пайызға, 2020 жылдың басынан бастап 241 пайызға қымбаттаған.
Басылым атап өткендей, криптовалюта нарығында биткоин бағасының өсуі негізінде трейдерлер позициясын жоғалта бастаған. Bybt.com сайтының хабарлауынша, соңғы тәулік ішінде биржалар 44000 пайдаланушының 285 миллиондық келісімшарт күшін жойған. Шығындар негізінен биткоин бойынша қысқа позицияларды ашқан және оның құнының төмендеуін күткен нарық қатысушылары болды. Олардың бірі сәтсіз сауда-саттықта 10 миллионнан астам доллар жоғалтты.
Топ-10-дағы альткоиндер бағасы да бір күнде айтарлықтай өсті: Ethereum - 9 пайызға, Litecoin - 19 пайызға қымбаттаған. Нәтижесінде битокиннің нарықтағы үлесі 68,1 пайызға дейін төмендеді.