Бішкектегі мектептердің бірінде оқушы теракт жасауға дайындалған

Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 252-бабы («Терроризм актісін жасау қаупі») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 depositphotos.com Бүгiн 2026, 01:54
Бүгiн 2026, 01:54
211
Фото: depositphotos.com

Бішкек қаласындағы мектептердің бірінде теракт жасауды жоспарлаған кәмелетке толмаған оқушы ұсталды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мәліметінше, терроризмге қарсы іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен бірлесіп, ел астаансындағы мектептердің бірінде мұғалімдер мен оқушыларға қарулы шабуыл жасау мүмкіндігін зерттеп жүрген оқушының әрекетін анықтап, оның алдын алған.

Аталған факті бойынша Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 252-бабы («Терроризм актісін жасау қаупі») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

ҰҚМК соңғы уақытта кәмелетке толмағандар арасында діни радикалдану деректері тіркеліп жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ата-аналар мен мұғалімдерге балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, олардың интернеттегі қызығушылықтары мен ақпараттық кеңістіктегі белсенділігін бақылауда ұстау ұсынылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы сыныптастарымен жанжалдан кейін оларға балтамен шабуыл жасаған. Салдарынан екі оқушы жеңіл жарақат алған. Жасөспірім оқиға орнынан қашып кеткенімен, көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Кейін сот оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Наверх