Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті

26 Қазан 2023, 17:15
623
Бөлісу:
Бішкекте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Бішкекте (Қырғызстан) ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЕАЭО шеңберіндегі орта мерзімді кезеңге арналған бірлескен іс-қимылдардың негізгі міндеттері мен басым бағыттары, энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өнеркәсіптің түрлі саласындағы кооперациялық жобаларды іріктеу тәсілдері және басқа да мәселелер талқыланды.

Бүгін біз Комиссия дайындаған бірқатар баяндамаларды тыңдаймыз, елдеріміз үшін маңызды мәселелерді талқылаймыз, сондай-ақ ынтымақтастықтың алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын айқындаймыз. Қабылданған шешімдер біздің ұйымның одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, жаңа серпін беретініне сенімдімін, — деді отырыста сөз алған Әлихан Смайылов.

Іс-шараға Беларус Үкіметінің басшысы – Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Ақылбек Жапаров, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және Армения вице-премьері Мгер Григорян қатысты.

Өзгелердің жаңалығы