Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің әрекеті заңды ма

28 Ақпан 2024, 13:50
595
Бөлісу:
Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің әрекеті заңды ма
Фото: facebook.com

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Бишімбаевтың ісіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың ісі сотқа жетті. Мемлекеттік айыптаушы мемлекеттің мүддесін қорғайды, - деді ол.

Бишімбаевты қорғап жатқан блогерлердің әрекеті заңды ма? Заңсыз ба? Бұл тергеуге кедергі емес пе? – деп сұрады БАҚ өкілдері Бас прокуратура өкілінен.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев сотта барлық фактіге баға берілетінін айтты.

Сот процесі барысында барлық фактіге баға беріледі. Айттым ғой (олардың – ред.) әрекетіне (құқықтық – ред.) баға беріледі, - деп түсіндірді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің кулуарында.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов те осы мәселеге қатысты ойын айтқан болатын. Оған қоса бүгін Мәжіліс әйелдер мен балалардың құқықтарына қатысты заңды қабылдады. Енді құжат Сенатқа жолданады.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев жұбайын өлтірді деген күдікке ілінгенін еске сала кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы