Бишімбаев соты: Ресейлік психолог қос тарапқа қандай сеанс жүргізген?

23 Сәуір 2024, 16:40
814
Бөлісу:
Бишімбаев соты: Ресейлік психолог қос тарапқа қандай сеанс жүргізген?
Фото: Жоғарғы Сот

Сотта Бишімбаев пен Нүкенованың ресейлік психолог Юлия Герасимовамен жүргізілген қабылдаулары туралы жазба оқылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Онда Бишімбаев онлайн байланыс арқылы психологпен байланыс орнатқан. Алдымен қабылдауға Бишімбаевтың өзі жазылып, нұсқаулық алған. Одан соң ғана жары Нүкеновамен бірге қабылдау жүргізген. Бишімбаев психолопен нарциссизм туралы ақпарат сұрап, одан қалай құтылу жолын іздеген. Психолог екі жасқа жеке шекара сызып, өздеріне уақыт бөлуге кеңес берген.

Қуандық тарапынан Салтанат аптасына 5 күн тамақ дайындап, оған қоса оған қатысып, киімдерді күтіп, конфликт кезінде өзін ұстамды болуын қалайды. Ал Салтанат Қуандықтың сынды, талқылауын, эмоциялық қысым көрсетуін азайтқанын қалайды. Себебі бұл жағымсыз эмоциялар тудырып, жаралайды. Сондықтан қос тараптың жеке шекарасы болу керек, - деп кеңес білдірген.

Психолог қабылдауына бірнеше рет жүгінген айыпталушы психологиялық тест тапсырғанын да айтты.

Салтанатқа біреу нарциссизм туралы бір ақпарат айтқан. Содан ол оны мазалап маған қайта-қайта айтып жүрді. Содан менде ол туралы оқыдым. Мүмкін расымен менде бір мәселелер бар шығар деп, психолог көмегіне жүгіндім», - деп жауап берді айыпталушы қорғаушының «Неге маман көмегіне нарциссизм туралы деп жүгіндіңіз» деген сұрағына.

Осыған дейін Бишімбаевтың көріпкелмен сөйлескен жазбасы және Юлия есімді белгісіз адаммен хат алмасқаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы