Бишімбаев ісі: Сот алқабилер алқасының құрамын таңдады

27 Наурыз 2024, 14:25
370
Бөлісу:
Бишімбаев ісі: Сот алқабилер алқасының құрамын таңдады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер алқасының құрамы таңдалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті. Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы, - делінген хабарламада.

Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.

Бұған дейін Жоғарғы Сот Бишімбаев ісі бойынша сот процесін жариялау тәртібін түсіндірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы