Салтанат Нүкеноваға 12-13 соққы жасалған. Бұл туралы Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор Айжан Аймағанова айтты, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде адам дене жарақаты салдарынан қайтыс болған.
Енді қандай абайсызда кісі өлтіру әрекеті туралы айта аламыз? Сарапшылар Салтанат Нүкенованың басына 12-13 соққы тигенін көрсетіп отыр. Қорғау тарапы видеоматериалдарды қылмыстық іс материалдарынан алып тастауды сұрап отыр. Ол жерде Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып жатқаны анық көрсетілген. Іс бойынша 50 шақты адамнан жауап алынды, олар тікелей немесе жанама түрде Бишімбаевтың Нүкенованы мақсатты түрде ұрғанын айтты, - деді Айжан Аймағанова.
Еске салсақ, Бишімбаев пен Нүкенованың соңғы хаттарында не жазылғаны белгілі болды.