Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Процесс ашық режимде өтті.
БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке зал ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды.
Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.
Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 29 наурызы күні сағат 10:00-ге белгіленді.
Алдағы отырыстар да тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең алқабилер алқасын іріктеу рәсімі өтті. Сотқа келген 102 кандидаттың ішінен 12 алқаби (10 негізгі және 2 қосалқы) таңдалды.
Іріктеу алқабилер алқасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы заң шектеулеріне байланысты жабық сот отырысында өтті.