Біржақты қозғалыс Астана көшелерінің жүктемесін қалай жеңілдетті?

10 Қаңтар 2019, 15:57
2313
Бөлісу:
Біржақты қозғалыс Астана көшелерінің жүктемесін қалай жеңілдетті?

Астана, baq.kz. Қаладағы біржақты қозғалысты одан әрі дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында белгілі болғандай, 2016 жылы Астанада бір жақты қозғалысты енгізу көлік ағынының орташа жылдамдығын 33% - ға арттырып, жолдардың өткізу қабілетін 25% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. 

Кенесары көшесінің бойымен жүрудің орташа уақыты 21 минуттан 17 минутқа дейін, Абай даңғылымен жүрудің орташа уақыты 22 минуттан 18 минутқа дейін қысқарды. Ал қозғалыстың орташа жылдамдығы бұл ретте  Кенесары көшесінде 18,4 км/сағ-тан 24,5 км/сағ-қа дейін, Абай даңғылында 15,8 км/сағ-тан 21 км/сағ-қа дейін артты. Сондай-ақ, Кенесары көшесіндегі қозғалыс қарқындылығы 1033 бірлік/сағ-тан 1476 бірлік/сағ-қа дейін, Абай даңғылында 759 бірлік/сағ-тан 017 бірлік/сағ-қа дейін ұлғайды. 

Қазіргі уақытта біржақты қозғалыс Астана көшелерінің жалпы ұзындығы 15,2 км құрайтын 7 учаскесінде енгізілген.

«Мәселен, Бұқарбай батыр және Желтоқсан көшелерінің қиылысында біржақты қозғалысты енгізу қорытындылары бойынша талдау Бұқарбай батыр  көшесіндегі жалпы көлік ағыны 17% (303 бірлік/сағ-тан 355 бірлік/сағ-қа дейін) ұлғайғанын көрсетіп отыр. Өткен кезеңде аталған жол учаскесінде ЖКО тіркелген жоқ», - деп мәлімдеді басқармада. 

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде біржақты қозғалысты одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жұмысы жүргізілуде. Дәлірек айтқанда, көлік ағынына, бағдаршамдық реттеу режимдеріне, көлік құралдарының фаза бойынша тарау схемаларына талдау, сондай-ақ, жол қозғалысының қазіргі және өзгертілген ұйымдастырылуы кезіндегі көліктік ағындарды одан әрі модельдеу жүргізіліп жатыр. Бұл тұжырымдама көлік құралдарының фаза бойынша тарау схемаларын оңтайландыру, қақтығыс нүктелері мен бағдаршамдық фазалардың санын азайту есебінен көлік қозғалысының орташа жылдамдығын арттыруға және жол қиылыстарындағы кідірістердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы