Биржалық сауда қағидаларының жобасы әзірленді

5 Наурыз 2022, 15:46
1817
Бөлісу:
Биржалық сауда қағидаларының жобасы әзірленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес министрлік Биржалық сауда қағидаларының жобасын әзірледі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

     Биржалық сауда ережелерінде келесі негізгі нормалар қарастырылған:

  • тауарлар мен Сауда-саттықты секцияларға бөлу, оларға жеке талаптар қою;
  • бір мезгілде бірнеше тауар биржаларына қатысуға тыйым салуды алып тастай отырып, брокерлер мен дилерлерді бірыңғай аккредиттеуді белгілеу болды.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп қағидалар нормаларын талқылау бойынша кеңес өткізілді.

   Талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қағидалардың жекелеген нормаларын одан әрі пысықтау жөнінде тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы