Бұл туралы Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының бас дәрігері Берік Қанарбек айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Еліміз бір сағаттық уақыт белдеуіне көшті. Яғни, еліміздің шығысы мен батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде бірыңғай сағат белдеуі орнады. Бұл тұрғындар үшін белгілі бір қолайсыздық тудырып жатқанымен, спортшылардың денсаулығы үшін ешқандай зиян келтіріп жатқан жоқ. Себебі спортшылардың, дәрігерлердің массаж жасаушылардың қатысуымен арнайы оқу-жаттығу жиынында белгілі бір жоспар арқылы жаттығуларын өткізеді. Бұл жаттығулардан кейін дәрігерлердің қатысуымен қалпына келтіру, емдеу сынды жұмыстар жүргізіледі, - деді Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығының бас дәрігері Берік Қанарбек.