Біртанов Маминге 1000-нан астам вирус жұқтырған науқас туралы айтты

14 Сәуір 2020, 09:53
1977
Бөлісу:
Біртанов Маминге 1000-нан астам вирус жұқтырған науқас туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус індеті бойынша жағдайды баяндады.

Өткен тәулікте 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 14,7 пайызды құрады. Оның ішінде ең үлкен көрсеткіш -  Алматы қаласында - 106, өсім деңгейі - 64%, Қарағанды облысында - 12, өсім деңгейі - 18%, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, өсім деңгейі - 3,6% болды, - деді Елжан Біртанов. 
Оның айтуынша, қазір 939 науқас стационарда жатыр, олардың ішінде 57 бала бар.
Науқастардың 82  пайызының жағдайы тұрақты, 770 науқас жеңіл жағдайда, 151 адамның хәлі орташа, 18 науқас ауыр жағдайда жатыр. Сегіз адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде он алты адам емделіп шыққан. Соңғы тәулікте үш адам реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылды, - деді министр. 
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1091 адамға жетті.
Өзгелердің жаңалығы