Бұл туралы Біртанов үкім алдындағы соңғы сөзінде не айтты? Бұл туралы бүгін елордадағы Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкім жарияланбас бұрын соңғы сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі мен оның орынбасары болған Әбішевтің жеке бас пайдаларын ойламаған әрі арам пиғылдары болмаған.
Құрметті сот, мен кеңесу бөлмесінде сіздер біздің тарап ұсынған барлық дәлелдерімізді әділ бағалап, мемлекеттік айыптау тарапы ұсынған заңсыз дәлелдерді де объективті бағалап, мені маған айып тағылған қылмыстық істе кінәсіз және Олжас Әбішевті де кінәсіз деп танисыздар деген үміттемін. Біз қылмыскер емеспіз, біз заңды бұзбадық, - деп ағынан жарылды ведомствоның бұрынғы басшысы.
Сондай-ақ бұрынғы вице-министр Олжас Әбішев те өзінің соңғы сөзінде кінәсін мойындамады. Сотта қаралып отырған істе қылмыстық та, криминалдық та із жоқ. Ал айыптаулар ойдан шығарылған, бір-біріне қарама-қайшы әрі дәйексіз деп отыр.