Бірқатар ұлттық саябақта туристік маршруттар абаттандырылды

14 Тамыз 2024, 10:38
342
Бөлісу:
Бірқатар ұлттық саябақта туристік маршруттар абаттандырылды
Фото: qazaqstan3d.kz

Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде Туризм және спорт министрлігі мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде бірқатар туристік маршруттар мен соқпақтарды абаттандыру бойынша жұмыс жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мәселе «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ға қазақстандық туризмді ілгерілету жөніндегі міндеттерді іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша анықталды.

Нәтижесінде салалық министрлік ұлттық табиғи парктерде 139 туристік бағыт пен 49 соқпақты абаттандыру жұмысын жүргізді.

Бұған автотұрақтарды, шатырлы лагерь алаңдарын, дәретханаларды, қоқыс жәшіктерін және белгілерді орнату кіреді.

Сонымен қатар МҰТП жыл сайын абаттандыру объектілерін жақсарту және жаңарту бойынша шаралар қабылдауда.

Атап айтқанда, туристерге арналған көру алаңдары, бивак аялдамалары және шатырлы лагерьлер ашылуда. Билбордтар, ақпараттық стендтер, соқпақтар мен маршруттардың сызбалары орнатылуда. Орындықтар, қоқыс жәшіктері және санитарлық-гигиеналық тораптар жаңартылып жатыр.

Мәселен, 2023 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Қатонқарағай МҰТП «Орман жолдары», «Көлсай көлдері» МҰТП «Саты ауылы – Саты шатқалы» және Сайрам-Өгем МҰТП «Сайрамсу көлі» сияқты үш турмаршруты жабдықталды.

Бұдан басқа, демеушілік қаражат есебінен Іле-Алатау МҰТП «Көкжайлау» турмаршруты жабдықталып, «Көлсай көлдері» МҰТП жаяу және атпен жүру маршруттарын бөлу жұмысы жүргізілді.

2024 жылы да тиісті жұмыс жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы