Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

21 Қараша 2023, 22:30
595
Бөлісу:
Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

22-23 қарашада Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с жетеді.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстіктен батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, 22 қарашада облыстың оңтүстігінде, шығысында, 23 қарашада облыстың оңтүстігінде, батысында кей уақыттарда 30 м/с.

22 қарашада күндіз, 23 қарашада тәулік бойы Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 22 қарашада облыстың солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, 22 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, 23 қарашада облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тан асады.

Астана қ.: 23 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, 22 қарашада кей уақыттарда екпіні 16-21 м/с, 23 қарашада екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

Өзгелердің жаңалығы