Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК қандай өңірлерде дауыл ескерту болатынын жариялады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 облыстың батысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 27 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 26 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 26 желтоқсанда оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының күндіз облыстың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 26 желтоқсанда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.