Бірнеше республикалық жолдың қозғалысына шектеу енгізілді

28 Наурыз 2024, 23:48
377
Бөлісу:
Бірнеше республикалық жолдың қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ -архив

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше республикалық жолда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖол компаниясына сілтеме жасап.

  • 28 наурызда сағат 20:30 шамасында еріген судың көп мөлшерінен және көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» республикалық авто жолының 707 шақырымынан 941 шақырымына (Аягөз қаласынан Боғаз ауылына) дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлеріі үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
  • 28 наурызда сағат 20:50 шамасында көпірге қарай жолдың ішінара бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» авто жолының 965 шақырымынан 1240 шақырымына дейінгі аралықта барлық көлік құралының түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
  • 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Ақтөбе облысына көлік қозғалысының жабылуына байланысты Қызылорда облысында «Самара-Шымкент» авто жолының 1240 шақырымынан 1357 шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
  • 28 наурызда сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында еріген судың шамадан тыс көп болуына және көліктің қауіпсіз қозғалысына қауіп төнуіне байланысты Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау авто жолының 147-шақырымнан 166-шақырымға дейінгі аралықта көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды (Алғабас ауылынан Ақмешітке дейінгі учаске).
Өзгелердің жаңалығы