"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 18 қаңтарда бірнеше өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының солтүстік-батысында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ.
Батыс Қазақстан облысынында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
Жетісу облысының солтүстігінде көктайғақ болады.
Абай облысында бұрқасын. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20, түнде 23 метрге дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) мол түседі. Бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ.
Қостанай облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.