Бірнеше өңірде үсік жүріп, жел тұрады

16 Қазан 2023, 08:21
606
Бөлісу:
Бірнеше өңірде үсік жүріп, жел тұрады

Синоптиктер дүйсенбі, 16 қарашада бірнеше өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысының батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының орталығында, оңтүстігінде тұман.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с-ке жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың шығысында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді, түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Өзгелердің жаңалығы