Бірнеше өңірде үсік жүреді

4 Маусым 2022, 22:51
1234
Бөлісу:
Бірнеше өңірде үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет синоптиктері 5 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік бөлігінде найзағай күтіледі.

5-7 маусымда Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

5 маусымда Қарағанды облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа жел ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

5 маусымда Ақмола облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

5 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде 5 маусымда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел шығысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, ортлағында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Күндіз 5 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с.

5 маусымда Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың батысында қатты жаңбыр. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

5 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде топырақ бетіндегі үсік 2 градус күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Өзгелердің жаңалығы