Бірнеше өңірде су деңгейі көтерілуі мүмкін

16 Сәуір 2023, 08:50
1087
Бөлісу:
Бірнеше өңірде су деңгейі көтерілуі мүмкін
Фото: kyzylorda-news.kz

Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында өзен суы көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су деңгейінің көтерілуі 16-17 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде қатты жауын-шашын болжамына байланысты болуы мүмкін.

Қауіпті деңгейден асқан жағдайда өзеннің төменгі ағысында орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарды және жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі болуы мүмкін, - делінген синоптиктер мәліметінде.

Су деңгейге көтерілуі мүмкін өзендер:

Түркістан облысында:
- Устье – Келес өзені (14 сәуір сағат 08.00-де деңгейі 294 см болды. Қауіпті деңгей – 500 см);
- Қараспан ауылы – Бадам өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 186 см, қауіпті деңгей – 431 см);
- Екпінді ауылы – Бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 236 см, қауіпті деңгей – 560 см);
- Қантағы ауылы – Қарашық өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 192 см, қауіпті деңгей – 350 см);
- Боралдай ауылы – Боралдай өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 209 см, қауіпті деңгей – 380 см);
- Жарықбас ауылы – Қатты бөген өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 260 см, қауіпті деңгей – 536 см);
- Ақбет өзенінің сағасынан 3,3 км төмен – Шаян өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 118 см, қауіпті деңгей – 260 см);
- Арыс теміржол станциясы – Арыс өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 310 см, қауіпті деңгей – 849 см).
Алматы облысында:
- Фабричный ауылы – Ұзын Қарғалы өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 91 см, қауіпті деңгей – 240 см);
- Сарыторғай шатқалы – Шарын өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 122 см, қауіпті деңгей – 762 см);
- Талғар қаласы – Талғар өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 274 см, қауіпті деңгей – 368 см).
Жетісу облысында:
- Плодоконсервный ұмсо. – Көктал өзені (14 сәуір сағат 08.00-де – 107 см, қауіпті деңгей – 226 см).

Өзгелердің жаңалығы