Бірнеше өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды

31 Қаңтар 2024, 01:02
641
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Алматы облысында - 3 учаске

  • 1."Алматы-Ташкент-Термез" 59-143 км, Жаңақұрлыс а. -Жамбыл обл.шек - 84 км.
  • 2."Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км, Ақы алу пунктінен Жетісу обл.шек. дейін– 230 км.
  • 3. "Алматы-Өскемен" 25-124 км, Ақы алу пуктінен Жетісу обл.шек. дейін - 99 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (қар, ауа температурасының төмендеуі).

Жамбыл облысында - 2 учаске 

  • 1."Алматы-Ташкент-Термез" 143-238 км, Алматы обл.шек - Қайнар а. - 95 км.
  • 2."Алматы-Ташкент-Термез" 159-212 км, Кенен а.-Қордай а. - 53 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктер үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Қызылорда облысында - 1 учаске

  • 1. "Самара-Шымкент" 1802-2055 км, Қызылорда қ.- Түркістан обл.шек.– 253 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қар аралас жаңбыр, нөлден төмен температурада).

Түркістан облысында - 1 учаске

  •  1. "Самара-Шымкент" 2055-2082 км, Қызылорда обл.шек.-Шорнақ а.– 27 км. Шектеу автокөліктің барлық түрлеріне қолданылады (Қызылорда облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты).

Еске сала кетейік, бұған дейін автожолдар бойынша бірыңғай оператор қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.

Өзгелердің жаңалығы