Автожолдар бойынша бірыңғай оператор қазақстандықтарға ескерту жасады

31 Қаңтар 2024, 00:18
625
Бөлісу:
Автожолдар бойынша бірыңғай оператор қазақстандықтарға ескерту жасады

Ауа райының бұзылуына байланысты "ҚазАвтоЖол" компаниясы қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ бірыңғай операторға сілтеме жасап.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілуде, синоптиктер дауылды ескерту жариялады.

Осыған орай, сіздерден жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Жол жүрген кезде қашықтықты, жылдамдықты сақтап, басып озу және кенеттен маневр жасамау маңызды екенін есте ұстаған жөн. Сондай-ақ қыстың көзі қырауда екенін ескеріп, сапарларыңызды алдын-ала жоспарлауға кеңес береміз, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы барлық ақпарат компанияның ресми сайтында www.qaj.kz ахуалдық орталық бөлімінде және Sapar мобильді қосымшасында қолжетімді. 

Сонымен қатар 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы