Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

8 Наурыз 2024, 21:19
594
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ертең, 9 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, түнде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Қостанай облысының шығысында, батысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болып, күндіз оңтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады. Сонымен бірге көктайғақ пен тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Өзгелердің жаңалығы