Бірнеше әуежайды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған – Президент

Қазақстанда жаңа әуежайлар салынып, көлік саласын толық цифрландыру жоспарланып отыр.

 Көлік министрлігінің баспасөз қызметі 28 Қазан 2026, 11:35
28 Қазан 2026, 11:35
131
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Еуразиядағы ірі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін әуежай инфрақұрылымын дамытып, халықаралық тасымалдарды цифрландыруға басымдық береді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылы Астанада жаңа әуежай құрылысын бастауды және көлік саласын заманауи технологиялар арқылы басқаруды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз, - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар ол Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын бекіту үшін не істеу керектігін алға тартты.

Еуразиядағы негізгі көлік хабы ретіндегі орнын нық бекіту үшін Қазақстан алдында бірқатар маңызды міндет тұр. Ең алдымен, халықаралық бағыттарды қоса алғанда, көлік саласын толық цифрландыру қажет. Жасанды интеллект дәуірінде жаһандық транзит ағындарын қағаз жүкқұжаттар арқылы басқару – ақылға қонымсыз. Бұл – тығырыққа апаратын ең қысқа жол, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Наверх