Бірлік бар жерде – тірлік бар

8 Қазан 2022, 15:15
88484
Бөлісу:
Бірлік бар жерде – тірлік бар

Бұл пікірді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Абзал Мухитдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Бірлік бар жерде тірлік бар» деп біздің жұрт тегіннен-тегін айтпаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық бар жерде береке мен ырыс та болады. Бәрімізге белгілі, елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында ғұмыр кешуде. Әлемдік тарихта Қазақстанның көпұлттылығы ғасырларға созылып, уақыттан жалғасын тауып, сабақтасып келеді. Еліміз  жаңа мыңжылдыққа адамзат үшін ең қымбат қазына – ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсініктік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді қастерлеуде. Сондықтан көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі  – еліміздің ең басты байлығы. Осыны көздің қарашығындай сақтау – бәрімізге ортақ міндет, - деді ол.

Қайреткердің айтуынша, тату елге тыныштық орнайды, бейбіт елде ғана береке болады.

Жүрегі бір, тілі басқа, тілегі бір ұлттар арасындағы татулықтың арқасында елімізде әлі де талай тындырымды шаралардың шымылдығы түріліп, тұсауы кесілері сөзсіз. Ал осының басы-қасында ел бастар аптал азамат болуы керек. Сондай азаматтың бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев.  Сол себепті кезектен тыс сайлаудың өтуі де орынды. Бекітілген аралық, яғни жеті жылда талай істі атқаруға болады. Сол аралықта Президент өзінің бастамаларын жүзеге асыруға, Қазақстан халқының жалпыұлттық дамуы мен әл-ауқатын жақсарта түседі деп сенеміз. Ол үшін еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосып, жірдемдесуі керек.  Өйткені ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Бәріміз бір болайық!, - деді Абзал Мухитдинов.

Өзгелердің жаңалығы