Қазақстан бастаған 5 мемлекет бірлескен денсаулық қауымдастығын құрмақ

18 Қыркүйек 2020, 11:24
1920
Бөлісу:
Қазақстан бастаған 5 мемлекет бірлескен денсаулық қауымдастығын құрмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан пандемияға қарсы күресте күш біріктірмек.

Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстан пандемияға қарсы бекініс, Денсаулықтың Жібек жолын және денсаулық қауымдастығын бірлесіп салуға келісті. 

Бұл туралы Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі және сыртқы істер министрі Ван И айтты, деп мәлімдеді centralasia.media.

Мұндай шешім Моңғолия, Ресей, Қырғызстан және Қазақстанның сыртқы істер министрлерімен вируспен күресу үшін пандемияға қарсы ынтымақтастықты тереңдету туралы пікір алмасқаннан кейін қабылданды, - деді Ван И Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі барысында.

Ван Идің айтуынша, бұл елдер эпидемия басталғалы бері пандемияға қарсы күресте бір-бірін жан-жақты қолдап, тиімді жұмыс істеді. Ол пандемиямен күресте ынтымақтастықты тереңдету мақсатында министрлер төрт бағыт бойынша шаралар қабылдауға келіскенін айтты.

Біріншіден, бес ел пандемияға қарсы ынтымақтастықты нығайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының үйлестіруші рөлін берік қолдайды және пандемияны саясаттандыруға және вирусқа географиялық белгі беруге бағытталған кез келген әрекетке қарсы тұрады.

Екіншіден, олар пандемияға қарсы жетістіктерді шоғырландырады және кеңейтеді. Ван И Қытай пандемиямен күресу үшін материалдар сатып алу, мамандарды оқыту, тәжірибе алмасу және дәрі-дәрмектерді әзірлеудегі ынтымақтастық, сондай-ақ, мүдделі тараптармен байланыс тетіктерін құруды жеделдету сияқты басқа елдерге көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Үшіншіден, олар вакцина әзірлеу, өндіру және сатып алу саласындағы ынтымақтастықты белсенді түрде ілгерілететін болады.

Төртіншіден, олар дәстүрлі қытай медицинасы саласында ынтымақтастық орнатуға күш салады, Өйткені, Қытай халық денсаулығы үшін түрлі елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында дәстүрлі қытай медицинасын қолдануды алға жылжытуға дайын.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні таңертеңгі ақпарат бойынша, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны - 107 134. Ал КВИ коронавирусымен ауыратындардың саны әлемде 30 миллионнан асты.

Өзгелердің жаңалығы