Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды

5 Сәуір 2021, 14:31
3002
Бөлісу:
Бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқааевтың Жарлығымен бірқатар лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. 

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.


Өзгелердің жаңалығы