Біреудің орнына дипломдық жұмыс жазу заңды ма? – вице-министр жауап бере алмады

10 Шілде 2023, 13:36
907
Бөлісу:
Біреудің орнына дипломдық жұмыс жазу заңды ма? – вице-министр жауап бере алмады
Фото: Арман Мухатов - архив

Дипломдық жұмыстарға қатысты мәселеге Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев нақты жауап қайтара алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі вице-министрге сұрақ қою барысында әлеуметтік желіде «ақшаға дипломдық жұмыс жазып береміз» деген хабарландырулар ашық түрде таралып жатқанын айтты. 

Ал жастар өз кезегінде дипломдық жұмыстарды қалыпты жағдай ретінде сатып алып жатқанын жеткізіп, оның қаншалықты заңды екенін сұрады.

Ерғалиев басқаға дипломдық жұмыс жаздырудың заңды немесе заңға қайшы екенін айтқан жоқ. Оны тиісті құқық қорғау органдары анықтау керегін жеткізді.

Маған ондай жарнама шықпайды. Егер ондай фактілер болса, бізге жіберіңіз, қарап көреміз. Бірақ сөз алаяқтық туралы болса, тиісті құқық қорғау органдарына шағымдану керек және олар оның қаншалықты заңды әрі дұрыс екенін анықтау керек. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан академиялық адалдық қағидатын насихаттаймыз, жоғары оқу орындарда аталған қағидаттарды бұзуды анықтау механизмдері, антиплагиат жүйесі бар, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы