Бір үйді газбен қамтуға қанша теңге жұмсалады?

25 Сәуір 2022, 17:22
1314
Бөлісу:
Бір үйді газбен қамтуға қанша теңге жұмсалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов бір үйге кететін көмір мен отынның орташа айлық шығынын айтты.

Облыста 640 елді мекен бар. Ондағы негізгі жылу көзі көмір мен отын. Жыл сайын көмір тұтыну көлемі 619 мың тонна, - деді облыс басшысы.

Оның сөзінше, бір жеке үйге көмір мен отынға жұмсалатын шығын орташа есеппен айына 25 мың теңге болады.

Бір тұрғынға жылыту маумысында 189 мың теңге қажет. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, мысалы, Қарағандыда бір жекеменшік үйді газбен қамтуға айына 14 мың теңге кетеді, Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындар айына 13 мың теңге жұмсайды, - деп түсіндірді Ақсақалов.

Әкім баламалы көзді пайдалану жобасы іске асырылып жатқанын атап өтті.Қазіргі күні облыста биомасса жағатын 125 қазандық жұмыс істейді. Оған 82 бюджеттік мекеме көшірілген. Нәтижесінде бюджет 26 мың тонна көмір сатып алудан бас тартып, 286 млн теңге үнемделді.

Өзгелердің жаңалығы