Бір тұлғаның монополизациясына билікті бермеген кезде ғана Қазақстанда өркендеу болады - Желдібай

1 Қыркүйек 2022, 18:23
883
Бөлісу:
Бір тұлғаның монополизациясына билікті бермеген кезде ғана Қазақстанда өркендеу болады - Желдібай

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Qazaqstan арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Адамдардың азаматтардың жақсы өмір сүруінен артық мотивация мен мәселе жоқ. Сондықтан жасалып жатқан барлық қадам мен шешімнің артында адамның жақсы өмір сүруі тұр. Көпшілік «Біз қашан жақсы өмір сүреміз?», «Қашан барлығы жақсы болады?» деп сұрап жатады. Біздің бірінші кезекте ойлайтынымыз – адамның өмірі, оның қауіпсіздігі, отбасының амандығы. Ұлттық қордан балаларға бөлінетін қаражатты айтып жатырмыз. Әрине, ол біреу үшін аз немесе көп болып көрінуі мүмкін. Мәселе онда емес. Мәселе ол қаражаттың қайда жұмсалатынында болып отыр. Қазақстанның әрбір отбасы елдің байлығының игілігін көреді, - деді Желдібай. 

Баспасөз хатшысы  атағандай, Президент үлкен бағдар беріп отыр.

Мемлекет басшысының реформалары түптің-түбінде Жаңа, әділ Қазақстанның орнауына алып келеді. Ең басты мәселе-қандай жағдай болмасын, елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығы. Әрине, экономикалық әртүрлі жағдай да болуы мүмкін. Бірақ саяси  конъюнкту́ра, саяси институттардың жұмыс істеуі, Үкіметтің жұмысындағы тұрақтылық  болуының негізінде қоғамды біріктіреді. Бір адамның, тұлғаның монополизациясына билікті бермеген кезде ғана Қазақстанда өркендеу де, даму да болады, - деді Руслан Желдібай. 

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында кезекті Жолдауын жариялады. Онда Президент әлеуметтік және саяси бастамаларды ұсынды. 

Өзгелердің жаңалығы