Бір топ жас жігіт балалар ойын-сауық орталығынан теледидар ұрлаған – Әділов

25 Сәуір 2022, 15:06
1033
Бөлісу:
Бір топ жас жігіт балалар ойын-сауық орталығынан теледидар ұрлаған – Әділов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Полицияның жедел мүмкіндігімен қатар, бұл қылмыстарды ашуға саналы азаматтардың белсенді көмегі де ықпал етті, олар кең түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде оқиғалар кезінде жасалған бейнематериалдарды ұсынды, - деді ол. 

Әділов бейнематериалдардың нәтижесі бойынша бірқатар қылмыскер ұсталған. 

Осындай видеолардың бірінің арқасында Алматы қаласында бір топ жас жігіт  «Лунапарк» балалар ойын-сауық орталығынан ұрланған теледидарлар мен басқа да тұрмыстық техниканы автокөліктерге тиегені анықталды.Басқа видеода Алматы қаласындағы «Каспий банкінің» филиалына шабуыл жасалды, онда тобыр қылмыс орыныда, айналасындағыларға және өтіп бара жатқан көліктерге назар аудармай тоналған мүлікті бөліскен, - деді ол. 

Әділовтың айтуынша, екі жағдайда да күдіктілер анықталып, қамауға алынды.

Азаматтар ұсынған бейнематериалдар қылмыскерлерді әшкерелеуге көмектеседі және заттай дәлелдемелер ретінде пайдаланылады, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы