Бір тәулік ішінде 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

20 Тамыз 2019, 23:31
1810
Бөлісу:
Бір тәулік ішінде 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Көліктегі ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«19-21 тамызда Көліктегі ПД және оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумақтарында «Құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» кең ауқымды акциясы өтуде. Аталған іс-шараны өткізу кезінде еліміздің әуе және темір жол нысандарында бір тәулік ішінде 319 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды»,- делінген хабарламада.

Мәселен, Семей станциясындағы көлік полициясы қызметкерлері «Бішкек-Новокузнецк» бағытындағы жолаушылар пойызының вагондарының бірінде тексеру кезінде «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңнамасын бұзғаны үшін Ресей Федерациясының 41 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды (Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамның Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін пайдалануы). Құқық бұзушыға 126 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ, акция аясында алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін -53, темекі шегуге тыйым салуды бұзу бойынша 30, ұсақ құқық бұзушылықтары үшін -10, оның ішінде қоғамдық орындарды ластағаны үшін -7 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін –39, қоғамдық орындарда тиіскені үшін -25, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз тұрғын жайлардан тыс жерлерде болғаны үшін -5 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, халықтың тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығына әсер ететін ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау.

Өзгелердің жаңалығы