«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

26 Сәуір 2023, 17:33
1943
Бөлісу:
«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Елордада «Бір шаңырақ астында» атты киіз үй құру акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл іс-шара «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» күн тәртібінде өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы, сондай-ақ 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында ұйымдастырылды.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара Қазақстан халқының бірлігін, үйлесімді этносаралық қатынастарды, туған ел, Отанды бейнелейтін қазақтың қасиетті символына құрмет көрсету мақсатында өткізілді.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Акция ортақ шаңырақ астында ұлттың бірлігін, Отан игілігі үшін қазақстандықтардың бірлескен еңбегін, әр адамның елдің дамуына қосқан үлесі мен атсалысуын білдіреді.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Акцияға өңірлерден келген 40-тан астам этнос өкілі қатысты. Олар киіз үйді көтеріп, қазақ тілінде әндер айтты. Елордадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов іс-шараның мәнін түсіндіріп берді.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Бәріміз бір отбасы болып, елімізде, яғни бір шаңырақтың астында бір отбасының баласындай тату-тәтті өмір сүріп келе жатырмыз. Әрине бұл ҚХА-ның жұмысының нәтижесі деп айтуға болады. Әр ұлттың басын қосып, бір халыққа айналдыру және бірлігімізді сақтап, нығайту осы атқарылған жұмыстардың жемісі. Бүгінгі күні біз бір-бірімізге құрметпен қараймыз. Мемлекеттік тілімізге жоғары мән береміз. Жастарымыздың арасында, әсіресе өзге ұлттардың арасында мемлекеттік тілді меңгеріп, жақсы лауазымдарда жұмыс істеп жатқандар бар, - деді ол.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Оның сөзінше, ҚХА атқарып жатқан жұмыстардың арқасында жастарды, жалпы қазақстандықтарды отансүйгіштікке тәрбиелеп жатыр.

«Бір шаңырақ астында» жобасы аясында ҚХА-ның бастамасымен шаңырақ көтеріліп отыр. Оны көтеру үшін еліміздің түкпір-түкпірінен әртүрлі ұлт өкілдерін жинап, олардың бастарын қосып, «шаңырағымыз бір» деген оймен киіз үйді тігіп отырмыз. Олар шаңырақты көтерген кезде игі тілектерін айтып, халқымызға жақсы тілектерін білдіріп жатыр. Мұндай іс-шара азаматтарға рухани тәрбие береді, - деп айтты Шерзод Пулатов.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Елордадағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов айтуынша, осындай іс-шаралар еліміздің басқа да жерлерінде өтіп жатыр.

Сонымен қатар этнос өкілдері отандастарына бірлік, татулық тілеп, «Біз біргеміз!» деп ұрандатып, келе жатқан мерекемен құттықтады.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды

Салтанатты іс-шараға Парламентінің депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Бір шаңырақ астында». Елордада ерекше киіз үй құрылды
Өзгелердің жаңалығы