Бір қабатты Шығыс: биыл 316 тұрғын үй сатып алынбақ

16 Қараша 2023, 06:45
388
Бөлісу:
Бір қабатты Шығыс: биыл 316 тұрғын үй сатып алынбақ
Фото: архив

Биыл «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы аясында облыстағы аз қамтылған көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 316 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ altaynewsқа сілтеме жасап.

Облыстағы құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен құны 175 миллиард теңге болатын 858 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 7 693 пәтер салу жоспарланған. Оның ішінде 83-і көпқабатты үй бар. Атап айтсақ, 18 кредиттік үй - Өскемен қаласы мен Глубокое ауданында, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 60 пәтерлі 1 үй - Риддер қаласында, 64 коммерциялық үй -Өскемен, Риддер қалалары мен Зайсан ауданында.

Осы жылдың 10 айында 216,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бағдарлама аясында жеке инвесторлар есебінен жалпы ауданы 51,7 мың шаршы метр болатын 589 бір қабатты үй салынып, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған көп балалы отбасылар, халықтың әлеуметтік осал топтары, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін облыстық бюджет есебінен сатып алынды. Биыл аталған санаттағы тұрғындар үшін 316 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде 93 баспана ауылдардағы аз қамтылған көп балалы отбасыларына арналған, - деді ШҚО құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тұрғын үй мониторингі бөлімінің бас маманы Ақерке Әкімғалиева.

Өзгелердің жаңалығы