"Бір отбасының адамдары". Жетісу әкімі Алакөлдегі тендерлер мәселесі туралы айтты

13 Маусым 2023, 13:22
1086
Бөлісу:
"Бір отбасының адамдары". Жетісу әкімі Алакөлдегі тендерлер мәселесі туралы айтты
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұл мәселені Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баспасөз конференциясында БАҚ өкілі көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жетісу облысының туризм әлеуеті зор екенін жеткізген журналистер осы сала бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқанын, сондай-ақ Алакөлдің жағалауын бекіту жұмыстарының тоқтап қалғанын, Балқаш көлінің инфрақұрылым жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын сұрады.

Президент былтыр жұмыс сапары барысында Жетісу өңірінің өзінің туристік әлеуетін пайдалану бойынша тапсырма берді. Алакөлдің жағалауын бекітуде конкурстық тендерде өткен саяси жүйенің белгілі бір отбасының жанынан жақсы тамақ жеп жүрген азаматтардың жақындары алған. Біз олармен 1 жылға жуық соттастық. Соттың шешімі шықты. Сот орындаушысының қолында. Ақшаларымызды қайтарып ала аламыз. Оларды жосықсыз мердігер деп танимыз. Айыппұл төлетеміз. Қазір қайтадан конкурс өткізіп жатырмыз. Жағалаудың жұмысын қолға аламыз. Бұл менің жеке бақылауымда, - деді Бейбіт Исабаев.

Балқаш көліне дейінгі жолдың қашан жөнделетінін де тілге тиек етті.

Биыл жолдың 70-75% (100 км) аяқтаймыз. Ақшасы бөлінді. Түзетулер енгізіп жатырмыз. Қалған 37-41 км келесі жылы аяқтаймыз. Келесі жылдың күзіне дейін Балқаштан Лепсіге дейінгі жол түгел аяқталады, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы