Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Наталья Годунова Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, министрлік облыстарды, тіпті мақсатты трансферттерді табыстау кезінде олардың қолданылу нәтижесіне бас қатырмайды.
Өңірлерге қатысты жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде салалық министрліктердің мониторингі іс жүзінде қарастырылмаған. Сондай-ақ әлеуметтік нысандардың жабдықтармен қамтамасыз етілуіне бағалау жүргізілмейді. Аймақтарға ақша берілгенімен, одан кейінгі мәселе бақылаудаен тыс қалып отыр. Осының салдарынан сапасыз салынған мектеп және басқа нысандарда проблема пайда болады, - деді палата төрағасы.
Сондай-ақ ол заңнамалық деңгейде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен бюджет қаражатын игеретін өңірлердегі басшыларға жауапкершілік жүктеу қажет деп отыр.
Өңірлерге ақша бердік, бұл мәселенің енді сіздерге қатысы жоқ шығар. Сондықтан бізде ара-тұра дәретханасы далада, біресе былғары диваны мен кофеқайнатқышы бар мектептер пайда болады. Бір ауылда орын жоқ, апатты жағдайдағы мектеп болса, көршісінде — оқушы орны жеткілікті болса да, нешінші мектепті салады. Былтыр Оқу-ағарту министрлігі құрылыс біздің саламыз емес деген желеумен "Жайлы мектеп" жобасын іске асырудан бас тартты. Нәтижесінде "Samruk-Kazyna Constuction" АҚ құрылыс дирекциясының қоры мемлекеттік сатып алу ережелерін сақтамастан іске кірісті. Ауқымды қаражат — 2,6 трлн теңге бөлінді. Сұрақ көп, — деді Наталья Годунова.