Бір кісіге 2 келі қант. Неліктен шектеу қойылды

5 Сәуір 2021, 22:50
3273
Бөлісу:
Бір кісіге 2 келі қант. Неліктен шектеу қойылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мұндай шара алыпсатарлармен күресу үшін қабылданғанын атап өтті.

Алматыда Toimart супермаркетінде бір адамға екі келі қант сатуға лимит қойылды, деп хабарлады қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы. 

Өз кезегінде басқарма қант сатуды шектеу тапшылыққа байланысты емес, алыпсатарлармен күресу үшін шектеу қойылғандығын атап өтті. 

Бұл бөлшек сауда каналдары арқылы көтерме сауда көлемдерін басып кетпеу үшін, үй жанындағы дүкен бізден қантты 249 теңгеге сатып алмып, оны 290 теңгеге сатпауы үшін жасалады. Мұндай тәжірибе бізде қазіргі күнде бағасы қымбаттаған күнбағыс майы, көкөніс бойынша қолданылады, - деп түсіндірді басқарма басшысы Еркебұлан Оразалин.
Іnformburo.kz сайтының мәліметінше, базарлардағы әлеуметтік дүкендерде бір адамға картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бес келіден аспайтын, күріш, қарақұмық жармасы, макарон үш келіге дейін, «Жайлау» күнбағыс майы 1 бөтелкеден сатылады. 
Тұрақтандыру қорының резервінен 500 тонна қант бөлінді бұл халықты арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған, - деп атап өтті басқармадан.

Өзгелердің жаңалығы