Бір кеме – 2 млн доллар: Иранның Ормуз бұғазынан түсетін табысы белгілі болды

Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен әрбір кемеден 1,5–2 млн доллар табыс табады.

 pixabay Бүгiн 2026, 03:31
Бүгiн 2026, 03:31
140
Фото: pixabay

Иран парламентінің бюджеттік жоспарлау комиссиясының мүшесі Мохсен Занганенің мәлімдеуінше, Ормуз бұғазы арқылы өтетін әрбір кеме ел қазынасына шамамен 1,5–2 млн доллар кіріс әкеледі.

Оның айтуынша, бұл қаражат кемелердің стратегиялық аймақтағы инфрақұрылым мен түрлі қызметтерді пайдалануына байланысты алынатын төлемдер есебінен түседі.

Бұған дейін Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади Тегеран бұғаз арқылы өткені үшін емес, кемелерге көрсетілетін қызметтер үшін ақы алу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтқан.

Иран СІМ өкілдері сөз болып отырған төлемдердің кәдімгі баж салығы емес екенін атап өтті. Бұл қаражат Ормуз бұғазы, Парсы және Оман шығанақтарындағы қауіпсіздік, навигация және экологиялық бақылау шығындарын өтеуге бағытталған. Сонымен қатар, Иран Оманмен бірге өңірдегі кеме қатынасын реттеудің ықтимал тетіктерін талқылауды жалғастырып жатыр.

Наверх