«Бір-екі күннің ішінде шешіледі деп ойлаймын». Жұманғарин екібастұздықтарға қашан жылу берілетінін айтты

6 Желтоқсан 2022, 13:13
1014
Бөлісу:
«Бір-екі күннің ішінде шешіледі деп ойлаймын». Жұманғарин екібастұздықтарға қашан жылу берілетінін айтты
Фото: автордан

Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екібастұздықтарға қашан толықтай жылу берілетінін айтты , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, үйлерге жылу берілгенімен, қазіргі мәселе әрбір пәтердің ішкі жылу жүйесінде болып отыр.

Қазіргі таңда мәселе әр үйдің ішінде. Жөндеу жұмыстарын бастаған кезде бәрін өшіріп қойды, соның салдарынан үйлерде су жүрмей қалды, батареялардағы  су қатып қалды. Қазір сол жерде жүргендер батареяларды, ішкі жылу жүйелерін қалпына келтіруге бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан бұл мәселе алдағы бір-екі күнде шешіледі деп ойлаймын, - деді Жұманғарин.

Журналистер Серік Жұманғариннен «Екібастұздықтарға осы аптаның соңына дейін жылу беріле ме?»  деп сұрады.

Мен солай  деп ойлаймын, - деп жауап берді ол Үкімет отырысынан соң. 

Өзгелердің жаңалығы