Бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 қылмыс тіркелді

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгені құрады

Бүгiн 2026, 13:42
АВТОР
 ridus.ru Бүгiн 2026, 13:42
Бүгiн 2026, 13:42
117
Фото: ridus.ru

Биыл маусым айында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 125 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің ішінде:

парақорлық – 97;

алаяқтық – 9;

лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану – 8;

жымқыру – 7;

қызметтік жалғандық – 3;

билікті асыра пайдалану – 1.

Қылмыстық істер бойынша 67 адам күдікке ілінді. Сондай-ақ 149 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 129-ы сотқа жолданды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,7 млрд теңгені құрады. Оның 2,1 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар құны 971,4 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды, – деп хабарлады комитет.

Наверх